Ведомствоның атап өтуінше, Жамбыл қаласының полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Ол ағымдағы жылдың ақпан айында Қаратау қаласында зейнеткер әйелдің үйіне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін күдікті болып отыр.
Бастапқы деректер бойынша күдікті балконның есігін бұзып, 90 жастағы зейнеткер әйелдің үйіне кірген. Содан кейін үй иесін пышақпен қорқытып, 7 мың АҚШ долларын ұрлап кеткен.
«Ұсталған азамат уақытша оқшаулау абақтысына қамауға алынды. Қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.