Зейнеткерге қолдан жасалған аэропланмен ұшқаны үшін айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір көлік прокуратурасы заңсыз ұшырылым фактісін анықтады, деп хабарлады Батыс-Сібір көлік прокуратурасы.

Көшпелі тексеріс барысында  Верх-Тула ауылынан зейнеткер  жеңіл ұшақ жасап, 2016 жылы жаз бойы ұшақпен Новосібір ауданының 54 шақырымында орналасқан «Овражки» бақша серіктестігінің үстінен ұшқан.

 «Оның қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында тіркеу, тану белгілері, ұшу жарамдылығына сертификаты жоқ. Бұған қоса бортта кеме, борт құжаттары, авариялық радиомаягы болмаған. Ұшқыш міндетті медициналық тексеруден өтпеген, ұшуға рұқсат беретін куәлігі жоқ және авиация саласында тиісті білімі мен дағдылары болмаған»,  - делінген хабарламада.

Тексеру барысында Новосібір көлік прокуроры заң бұзушыға қатысты іс қозғады, оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 2 мың рубль сомасында айыппұл салды, деп жазады interfax.ru.