Зейнеткерлер мүмкіндігі шектеулі жұбайларына жеке көмекші бола алады

Фото: Еңбекмині

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіп жатыр. Басқарма басшысының тиісті бұйрығының жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланған. 

— Енгізілетін өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларда зейнеткерлік жасқа толған адамдар өз жұбайының (зайыбының) жеке көмекшісі бола алатын тәртіп реттелетін болады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның және жеке көмекшісінің бір елді мекенде тұру қажеттілігін айқындайтын қосымша пункт пайда болады.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 11 тамызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Айта кетелік мүгедектігі бар 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған еді