Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, № 2 нысанды толтыруды ұсынады.
«Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз»,- деп жазылған хабарламда.