Осындай игi шара ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментiнiң ұжымында болып өттi. ҚР ҰҚК төрағасының арнайы тапсырмасымен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментiнiң бастығы Х.М.Нышанбаев пен сала ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Е.Қойшыбаев зейнеткерлердi құттықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.
Сондай-ақ олар Ұлттық қауiпсiздiк органдарында ұзақ жыл еңбек еткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi Төлеген Ыдырысов пен Ахай Әлменовтiң отбасында болып сый-сияпат жасады. Олардың елi үшiн жасаған ерлiктерi бүгiнгi ұрпақтың мәңгi есiнде екендiгiн айтып, отбастарына амандық тiледi.