Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірқатар елшілер қызметтерінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірқатар елшілер қызметтерінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты:

Бөрібай Биқожаұлы Жексембин Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.