«Неліктен біз адамдарды ауыстырып жатқанымызды түсіндіріп, айтуымыз керек. Бұл шаралар адамдардың өз жұмысында қауқарсыз болғанынан жасалып отырған жоқ. Өмір жалғасуда, өзгерістер болады. Қызметін адал атқарған осы адамдарға алғыс айтамыз. Менің ойымша, егер қажет болса, жергілік жерлердегі атқарушы органдар және біз осында өзінің мамандығы бойынша қызмет жолына ауысатын депуттарға қамқорлық жасаймыз»,-деді Президент.
Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданғанын, онда зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік қызметшілер жастарға жол беруі керектігі көрсетілгенін еске салып өтті.
«Меніңше, бұл қадам дұрыс және оны іске асырамыз»,-деп сөзін түйіндеді Н.Назарбаев.
16:10, 29 Қаңтар 2016
Зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік қызметшілер жастарға орын беруі керек - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік қызметшілер жастарға орын беруі керек. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.