Зейнеткерлік жастың көтерілуіне қарсы акцияға 20 мың француз қатысты

None
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Полицияның есебі бойынша 20 мыңнан астам адам Париж көшелеріне шығып,

үкіметтің зейнеткерлік туралы реформасы аясында зейнеткерлік жастың көтерілуіне қарсы акция ұйымдастырды, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Үкіметтің зейнеткерлік жасты қанша жасқа дейін ұлғайтатындығы әлі белгісіз, алайда ереуілшілер кез келген өзгерістерге қарсы шықпақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар ел астанасында 70 мыңға тарта ерікті адамдарды жинаған, алайда полиция 23 мың адам деп есептеген.