АСТАНА. KAZINFORM — Спорттық гимнастикадан Мысырда өтіп жатқан биылғы алғашқы әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдеге ие болды.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығудан үздік үштікке ілікті.
Бұл — оның ересектер арасындағы алғашқы жүлдесі еді.
Иорданиялық Ахмад Әбу Әл Соуд 15.070 ұпаймен чемпион атанса, кореялық Вунг Хур (14.930 ұпай) күміс жүлдеге қол жеткізді. З.Ыдырысовтың еншісінде 14.800 ұпай бар.
Тағы бір қазақстандық Нариман Құрбанов 14.030 ұпаймен бесінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, Зейнолла Ыдырысов 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орынға тұрақтап, тарихи медаль алған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).