«13 жасар қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік CZECH TOUR сериясына жататын «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирін жеңіп алды. 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем вице-чемпионы мүмкін болар 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинаған», - деді комитет төрағасы.
Айта кету керек, Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 4-рет жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, ол - Қазақстандағы әйелдер арасындағы ең жас халықаралық гроссмейстер. 13 жастағы қаршадай қыз биыл Түркияда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғаш рет 20 жасқа дейінгі бой жетіп қалған қыздармен сынға түсіп, онда күміс жүлдеге қол жеткізді.