Ж.Ахметбеков ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуына мемлекеттік кепілдік беруді енгізуге бастамашы болмақ

АНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков қазақстандық жоғары оқу орындары түлектеріннің жұмысқа орналасуларына бірінші рет мемлекеттік кепілдік беруді енгізуге бастамашы болмақ.

Ол бұл ойын бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында білдірді.

«Бірінші жұмыс орнына кепілдік беру - жас маманнан жұмысқа орналасуы кезінде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс өтілін сұрау секілді кедергіден шығарар жол болып есептеледі. Қазақстан - халқы жас мемлекет. Сондықтан әрбір азамат өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болуы тиіс!» - деді ол.

Оның пікірінше, басы артық оқу орындары, мамандық бойынша жұмыс істемеу, дипломы бар жұмыссыздар қазіргі уақыттың проблемасына айналып отыр.