Бұл туралы sports.kz хабарлайды.
Қыздар арасындағы шаңғы акробатикасында бірінші болып Беларусь спортшысы Александра Романовская келді. Күміс жүлдені қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіп алса, қола медальді америкалық Элле Гаудетт қанжығасына байлады.
Фристайл. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Кьеза-ин-Вальмаленко (Италия), Акробатика.
1. Александра Романовская (Беларусь) - 165,19
2. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) - 163,11
3. Элле Гаудетт (АҚШ) - 146,59.