«Жұмысқа қабылдау процесі екі кезеңнен тұрады. Бастапқыда іріктеу, одан кейін конкурс өткізіледі. Іріктеу кезеңінде кандидат заң бойынша тест тапсырып, медициналық және арнайы тексеруден өтеді. Екінші кезеңде сұхбаттасу мен тағылымдама орын алады. Тағылымдама 10 күнге созылады. Дәл осы тағылымдама кезінде біз жаңашылдықтар енгіземіз»,- деді ол.
Оның атап өтуінше, кандидат өз еркімен 4 тапсырманы орындауы тиіс. Атап айтқанда, өзінің өмірлік тәжірибесін сипаттап, эссе жазуы, кейстік тапсырмаларды шешуі және психологиялық зерттеуден өтуі тиіс. Бұл ретте тағылымдамадан өтушіге өмірлік тәжірибесі туралы 500 сөз жазуға 1 сағат, 500 сөзден тұратын шағын эссе жазуға 2 сағат, ал 100 сұрақтан тұратын психологиялық тест тапсыруға 1,5 сағат беріледі.
«Бізге өмірлік тәжірибе мен эссе жазуды және кейстерді орындауды бағалауға Назарбаев Университетің, ПрайсУотерХаус пен Деллойт сарапшылары көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар ол кандидаттың психологиялық портретін де береді», - деді Бас прокурор.
Ж.Асановтың айтуынша, кандидаттың барлық жұмысы құпия сақталады. Бұған қоса, кандидат өзін кім бағалағанын, ал сарапшылар кімнің жұмысын бағалап жатқандығын білмейді. «Мұндай тәуелсіз бағалау жұмысқа қабылдау барысында міндетті болады», - деді ол.