Ж.Досқалиев Позитронды-эммисиондық томограф орталығын ашты

СТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен онкологиялық және басқа да сырқаттарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін Позитронды-эммисиондық томограф орталығы (ПЭТ) ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ПЭТ сәулелер арқылы ішкі ағзалардың суретін ғана емес, сонымен қатар олардың функионалдық жұмысын көруге мүмкіндік береді. ПЭТ-тің басты ерекшелігі, онкологиялық және басқа да ауруларды, олардың клиникалық белгілері көрінбей тұрған кезде анықтай алады.

Ж.Досқалиев атап көрсеткендей, ПЭТ Орталық Азия аймағында орнатылған алғашқы аппарат. «Елбасының тікелей бақылауында болған осы орталықтың ашылуымен Республикалық диагностикалық орталықты құру жобасын толықтай аяқтаймыз», деді ол.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, ядролық диагностиканың бұл түрінің дәрігерлер мен науқастардың ағзасына еш қаупі жоқ. Ядролық медицина орталығы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде ақысыз, сондай-ақ таяу және алыс шет елдерден келген науқастарға ақылы негізде қызмет көрсететін болады.

Алғашқы күндері орталықта қазақстандық дәрігерлер мен бірге шетелдік мамандар да жұмыс істемек.