Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Ж.Досқалиевтің бюджет қаражатын талан-таражға салу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша іс-әрекеті ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған салақтық деп қайта сараланды. ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай рақымшылық туралы ҚР Заңына сәйкес қылмыстық іс Досқалиевтің келісімімен 2012 жылғы 16 ақпанда қысқартылды. Қылмыстық істі рақымшылық актісіне қолдануға байланысты қысқарту ақтаушы жағдай болып қабылданбайды», - деді ол.