Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде мамандар жәрмеңкесі өтті

None
ОРАЛ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - 6 сәуір күні Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде мамандар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Колледж әкімшілігі әр ауданның түлектерін аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кездестірді. Болашақ мұғалімдер көпшілік алдында панорамалық сабақ беріп, өз білім-біліктерін көрсетті.

Колледж директоры Шалқыма Құрманалинаның айтуынша, жыл сайын түлектердің 75-85 пайызы жұмысқа орналасады, әрі қарай ЖОО-ларда білімдерін жалғастыратындар да аз емес. Биыл аталмыш оқу орнын 326 жас тәмамдамақ.