«Жарылқап Қалыбай Сейдләұлымен емтиханды аяқтадық. Жазба жұмысының тақырыбы - «Отты жылдар тағылымы». Жұмыс өте сауатты жазылған. Тақырыпты ашты, жұмысында қате жоқ. Бәріміз риза болып отырмыз», - деді үміткердің емтихан қорытындысымен таныстырған комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Комиссия төрағасының айтуынша, үміткер екінші кезеңде Бауыржан Момышұлының прозасынан мәтінді де мәнерлеп, нақышына келтіре оқыған.
«Үшінші тақырып - «Мәдени мұра - байтақ қазына». Бұл да көкейге қонымды жақсы әңгіме болды. Емтиханға келген азаматтардан әуелі Елбасы одан кейін Жарылқап сияқтылар болса, деп әңгіме еттік. Лингвисткалық комиссияның қорытындысы - Жарылқап Қалыбай Сейдләұлы қазақ тілін еркін меңгерген», - деген ол үміткерге алдағы уақытта сәттілік тіледі.