Ж. Құрманғалиева Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
19:41, 22 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының өкімімен Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.