республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының негізінде жарыққа шыққан жинақтың тұсаукесері барысында сөз сөйлеген белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов осылай мәлім етті.
«Қазақтың бағына туған Жұмабек Тәшеновтей арыстар баршылық. Қазақ ондай қайраткер тұлғадан еш кенде емес. Алайда, оны іздейтін, ізіне түсіп жаңғыртатын зерттеушілер керек. Жұртшылық сондай іздеушілер арқылы өз арыстарын етене танып отыруы қажет. Ал мына жарыққа шығып отырған жинақ сол тау тұлғалы арысты халыққа жақындататын бастама ғана. Сол үшін бұл жинақ тоқтап қалмауы шарт», - дейді К. Салықов. Оның айтуынша, қайраткер тұлғаның тағылымын дәріптеуді бүгіннен қолға алған ләзім. Осыған орай, К. Салықов Ж. Тәшеновтің туғанына 2015 жылғы 20 наурызда 100 жыл толатынын айта кетті.
Тоқтала кететін жайт, жинақты шығарушылар аталған мерейтойға орай, тың деректерді ұсынатын азаматтарға құлаққағыс жасап, жинақты қайта толықтырып, кітап ретінде шығаруды жоспарлаған болатын.