Ж.Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өтетін турнир халықаралық мәртебеге ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өтетін турнир халықаралық мәртебеге ие болды.

Биыл алғашқы халықаралық турнир 5-6 мамыр күндері Талдықорғанның «Жастар» спорт сарайында өтеді.

Дереккөзіне сүйенсек, турнирға Ресей, Грузия, Түркия, Қырғызстан мен Өзбекстанның палуандары қатысатынын растаған. Ал, Қазақстан тарапынан барлық облыстардан грек-рим күресі бойынша мықты спортшылардың барлығы тартылады деп күтілуде.

Халықаралық мәртебеге ие болған соң, турнир енді жыл сайын Талдықорған қаласында ұйымдастырылып отырады. Бұрын, күрес турнирі Қазақстанның әрбір қаласында республика деңгейінде ғана өтетін.