Жергілікті тергеу басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиға былай болған. Торды тазалау кезінде қашып шыққан маймыл көршілердің үйіне кіріп, бесікарбада жатқан сәбиді талап тастаған, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Енді қара мангобейді асырап отырған 65 жастағы қожайыны заң алдында жауап беретін болады. Тергеу басқармасы жеке хайуанаттар бағының адамдар қоныстанған жерде орналасуының қаншалықты заңды екендігін анықтап, қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауға назар қоймақ.