Жабайы түлкі балаға шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің тергеу комитеті Кировтегі кәмелеттік жасқа толмаған балаға жабайы түлкінің шабуыл жасауына байланысты жағдайды анықтауда.

Бұл туралы өңірлік ТК баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Киров қаласының маңындағы Дымково ауылында оқушы балаға құтырған түлкі бас салған. Балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Қазіргі таңда оқушы дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.