Жәбірленушілердің арыздарын қайтарып алуы жаппай тәртіпсіздік бойынша қылмыстың істің тоқтатылуына себеп бола алмайды - ҚР Бас прокуратурасы

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жекелеген жәбірленушілердің азаматтық арыздарын қайтарып алуынан қылмыстың істің жартылай немесе толығымен жабылуы мүмкін бе және жәбірленуші өз арызынан бас тартса, олардың шығынын кім өтейді деген мәселелердің мәнін ашты.

«Кейбір жәбірленушілер өздерінің дүние-мүліктік айыптауларынан бас тартуда, алайда бұл жайт айыптаудың негізгі тірегіне әсер етпейді. Дегенмен, жәбірленушілердің ешқайсысы жаппай тәртіпсіздік кезінде дүние-мүліктік зиян шеккендерін жоққа шығармайды», - дейді Н. Сүйіндіков.

Дейтұрғанмен, оның сөздерінше, прокуратура органдарына олардың арыздарынан бас тартуына не себеп болғаны белгісіз. «Жаппай тәртіпсіздіктер халықтық айыптауға жататын қылмыс және бұл бап бойынша қылмыстық іс жәбірленушілердің арыздарынсыз-ақ қозғала береді. Сондықтан Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша қылмыстық іс жәбірленушілер тарапынан келіп түскен арыздар негізінде емес, аталмыш қылмыстың қоғамға қауіптілігімен байланысты қозғалып отыр. Соған сәйкес, жәбірленушілердің азаматтық арыздарынан және дүние-мүліктік наразылықтарынан бас тартуы қылмыстық істің тоқтатылуына себеп бола алмайды», - деп түйіндеді ресми өкіл.