Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығының хабарлауынша, әлем чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған.
Жабық кешендегі әлем чемпионаты 2021 жылдың 19-21 наурыз күндерінде өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты жарыс 2023 жылға ауыстырылды.
Нанкиндегі дүниежүзілік дода осымен екінші рет шегеріліп отыр. Аталған дода бастапқыда 2020 жылдың 13-15 наурыз күндері өтуі тиіс болатын.