Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Ел қоржынына алтыншы алтын түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күнінде ерлер арасында алматылық сырықпен секіруші Никита Филиппов ел қоржынына алтыншы алтынды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Филипповпен бірге сырықпен секіруден тағы бір отандасымыз Даниил Полянский өнер көрсетті.

Никита жарыс жолына соңғы болып шықты. Өйткені ол алғашқы мүмкіндігінде-ақ 5.20 метрге тапсырыс берген. Ал Полянский жарысты 5 метрмен бастады. Бірақ бұл биіктікті Даниил екінші мүмкіндігінде бағындырды. Кувейттен келген Али Алсобагхах 5 метрді бірінші талпысында-ақ еңсерді. Соның салдарынан Полянский жарысты төртінші орынмен аяқтады. Кейіннен жерлесіміз 5.20 метрге тапсырыс бергенімен, жолы болған жоқ.

26 жастағы Филиппов бірден 5.20 метрге секіріп, чемпион атанды. Иран спортшысы Мохаммад Баниадамның да көрсеткіші дәл осындай. Бірақ ол екінші мүмкіндігінде бағындырғандықтан, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Никита 5.40 метрге ұмытылып көргенімен, бұл жолы сәттілік жолдас болмады. Бастысы, бас жүлдеге қажетті нәтижені көрсетті.

Жабық кешендегі Азия чемпионаты. 2 ақпан. Сырықпен секіру, ерлер:

1.     Никита Филиппов (Қазақстан) - 5.20 метр

2.     Мохаммад Баниадам (Иран) - 5.20

3.     Али  Алсобагхах (Кувейт) - 5.20

4.     Даниил Полянский (Қазақстан) - 5.20.