ЖАДЫНАМА: Күдікті адамды кезіктірген кезде қалай әрекет ету қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас көлік прокуратурасы күдікті адам кезіккен кезде қалай әрекет ету қажеттігі жайлы халыққа жадынама жариялады.

Соңғы уақыттарда әлемде адам көп жиналған жерлерге жарылғыш заттар қою, жанкешті лаңкестерді пайдалану арқылы терроризм жасау фактілері жиіледі, - делінген жадынамада.

Терроризм актісін жоспарлау немесе дайындау туралы білдіретін кейбір белгілерді есте сақтаған жөн:
Күдікті адамның сіз жұмыс істейтін ғимарат маңына немесе үй ауласына бірнеше рет келуі, фото, видео түсірілім жасау, сондай-ақ блокнотқа жазба жасау;

құқық қорғау қызметкерлерімен кездесіп қалмау әрекеттерін жасау және бейнебақылау камераларынан жалтару (басын төмен түсіру, айналып өту, бетін жауып өту);

техникалық қамтамасыз етуге қатысы жоқ адамдардың ғимараттардың жертөлелеріне, шарбақтарына кіруі;
әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының қызмет көрсетуші персоналымен, күзетшілермен бейтаныс адамның негізсіз байналысуы; олардан жұмыс режімі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және т.б. туралы мәліметтерді сұрауы;

бөгде адамдардың қомақты сыйақыға маңызы аз жұмысты (пакет, орама сәлемдеме беру) істеуге әзір адамдарды іздеуі.

Күдікті адамдарды кезіктірген кезде мына әрекеттерді орындау қажет:

-оны ұстауға дербес әрекет қабылдамау;
-дереу ол жайлы құқық қорғау органдарына хабарлау;
-назар аудармай, адамдар санын, сыртқы келбетін, киімі мен қолында бар затты, көліктерінің маркасы мен нөмірі, қозғалыс бағытын есте сақтап қалу.
«Дұрыс және жіті іс-әрекет қана өз өміріңізді және қоршаған адамдардың өмірін сақтап қалуға жәрдемдесетінін есте сақтау аса маңызды», делінген жадынамада.