Жадыра Дәрібаева: Мұндай қайғы енді қайтып болмасын

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған қарай ақын, «Құрмет» орденінің иегері Жадыра Дәрібаева коронавирус инфекциясынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл індет өте қиын болды. Ауыл-аймақтағылар хабарласып, көмек сұрап жатыр. Олардың шырылдаған үні, жанайқайы Үкіметке жетіп, шаралар қабылданып жатыр. Дәрігерлер тапшылығы бар, бірақ бар шама-шарқы жеткенше күресуде. Дегенмен бәрі баяу жүріп жатыр, сондықтан билік тарапынан үлкен шара қолдану керек», - дейді ақын Жадыра Дәрібаева.

Ол бұл індет жастардың да өмірін қиып жатқанын айтты.

«Онсыз да саны аз қазақстандықтардың індет салдарынан өмірден озып жатқаны жүрегімізді ауыртады. Ең қиыны - 40-50 жастағы адамдар да дертті жеңе алмай, ажал құшуда. Қаза тапқандардың жаны жәннатта болып, алдынан жарылқасын. Олардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Мұндай қайғы енді қайтып болмасын деп тілеймін», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар