Осы күндері Молдова астанасы Кишиневте жағажай футболынан Еуролига турнирі өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын Грузиямен өткізіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан – Грузия – 7:1
Голдар: Тюльпа, Муралинов - 2, Перевертов - 2, Әжікенов, Мұратұлы – Диаквнишвили;
28.07.2022. Еуролига, «Б» дивизионы.
Негізгі стадион. Кишинев, Молдова.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Норвегияны 7:3 есебімен ұтқан болатын. Спортшыларымыз келесі ойынын 29 шілде күні Грекиямен өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Фото: kff.kz