Жағажай волейболы: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Малайзияны жеңді
20:51, 21 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан Бахрейнде өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының топтық кезеңінде екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, құрама спортшылары Малайзия командасына қарсы кездесу өткізген.
Атап айтқанда, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қарсыластарын 2:0 есебімен қапы қалдырды.
Мұның алдында қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай мен Моңғолия құрамаларын жеңген болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарында Үндістаннан басым түскенін жазғанбыз.