Ерлер арасында Сергей Богату мен Кирилл Гурин D тобында өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы ойында қазақстандықтар ирандық Абольхассан Хакизаде мен Амир Али Галеновиден 0:2 (13:21, 15:21) есебімен жеңілді. Екінші кездесуде Богату мен Гурин Оман өкілдері Мазин Аль-Хашми мен Худ Аль-Джалабубиді 2:0 (21:12, 21:18) есебімен ұтты.
E тобында өнер көрсетіп жатқан Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад екі кездесуде де жеңіліс тапты. Алдымен қазақстандық жұп жапониялық Такуми Такахаси мен Дзюмпэй Икедеге 0:2 (13:21, 17:21) есебімен жол берсе, кейін индонезиялық Бинтанг Акбар мен Софьян Рахманнан 0:2 (17:21, 15:21) есебімен жеңілді.
Әйелдер арасында Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова C тобында бақ сынауда. Алғашқы кездесуде олар Филиппин өкілдері Хайлем Прогелла мен София Пагареге 0:2 (13:21, 14:21) есебімен есе жіберді. Екінші ойында қазақстандықтар жапониялық Асами Шиба мен Рейка Муракамиден 0:2 (14:21, 14:21) есебімен жеңілді.
Лаура Қабылбекова мен Мерей Қожахмет F тобында өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандықтар алғашқы кездесуінде жапониялық Рэн Мацумото/Нон Мацумото жұбына 0:2 (14:21, 12:21) есебімен жол берді. Екінші кездесуде олар Қытай өкілдері Цао Шутин мен Дун Цзеге 0:2 (2:21, 12:21) есебімен есе жіберді.
Бүгін, 3 қыркүйекте, қазақстандық жұптар кезекті кездесулерін өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Шанло қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталғанын хабарлаған едік.