Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жұбы үшінші матчта жапондықтарды ұтып, ширек финалға өтті. Олардың бүгінгі қарсыластары - австралиялықтар.
Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы да ¼ финалда бақ сынайды. Олар Жаңа Зеландия өкілдеріне қарсы ойнамақ. Жаңа Зеландия спортшылары бұған дейін қазақстандық Кулешов/Бабичев жұбын ұтқан еді.
Әйелдер арасында Кристина Жук пен Елизавета Еропкин қытайлық қыздардан ұтылып, жарыстан шет қалды. Б. Самалықова мен А. Раченко, сондай-ақ, Т. Машкова мен И. Цимбалова жұбы да қарсыластарына жол берген. Алайда, олар ұпай санының көптігіне байланысты келесі кезеңге өтті.
Бақытгүл мен Алина қытайлықтармен, Татьяна мен Ирина таиландтықтармен кездеседі.