Бұл сында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко Польша спортшыларымен кездессе, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова АҚШ және Бразилия спортшыларымен 2 ойын өткізуде. Ал кеше дәрежелік 1-кезеңде украиндықтарға 0:2 есебімен ұтылып, 41-орынға табан тіреген Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов рейтингтік қоржынына түскен 80 ұпайды қанағат тұтты. Олар биылғы маусымда жалпы 10 жарысқа қатысып, 8 рет 41-інші, 1 рет 25-інші, 1 рет 17-ініш орын алып, рейтингтік қоржындарына 1050 ұпай сала алды.
Ертең енді ел құрамасының үздіктері саналатын Т.Машкова мен И. Цимбалова нидерландылықтармен, А. Сидоренко мен А.Дьяченко Пуэрто-Рико және Латвия елінің шеберлерімен күш сынасатын болады.