Жағажай волейболынан «Гранд Слэм» әлемдік турының Австриядағы кезеңін ұлттық құрама сәтті бастады

АЛМАТЫ. 19 шілде. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Австрияның Клагенфурт қаласында өтіп жатқан «Гранд Слжм» әлемдік турының кезеңдік жарысын кеше Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко сәтті бастады.

 Олар дәрежелік 1-раундта жарыс қожайындарын 2:0 (21-16, 21-16), 2-раундта Норвегия спортшыларын 2:1 (21-13, 16-21, 18-16) есебімен ұтты. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы жарысты ерте аяқтады. Жарақат алған Алексейдің орнына ұлттық құраманың бас бапкері  Денис Ровкиннің өзі шыққан. Алайда олар Германия волейболшыларына 2:1 (19-21, 21-15, 15-13) есебімен есе жіберіп, 41-орын алып, рейтингтік ұпай қоржынына 24 ұпай қосты.

17 шілдеде басталған бұл байрақты бәсекеде бұған дейін әйелдер арасындағы сайыста Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова 32-орын алып, 40 ұпайды қанағат тұтқан болатын. Жарыс жеңімпаздарының есімдері   22 шілде күнгі ақтық сында  белгілі болады.