Жағажай волейболынан Қазақстан чемпиондары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы бәсекеге барлығы 11 жұп қатысып, чемпиондық атақ Татьяна Машкова мен Ирина Цимбаловаға бұйырды. Бұл, Ирина Цимбалованың 12-ші жеңісі.

Күміс жүлдені Таңсұлу Қайырбекова мен Айғаным Смағұл иеленсе, «қоланы» «Каспий-1» командасы алды.

Ерлер арасында Алексей Дьяченко мен Алдам Нұрдос тобы жеңіске жетті. Күміс медаль Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбының еншісінде. Қола медальды Кирилл Гурин мен Абдулмаджиж Мохаммад иеленді.