10 шілде күні басталған бұл бәсеке сенбі күні аяқталады. Швейцариядағы кезеңдік жарыста 9-орын алған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко бұл жарысты топтық сыннан бастаған болатын. Нидерданды мен АҚШ спортшыларынан жеңіліс тапқан олар, шешуші ақтық кездесуде чехтардан басым түсіп, жарысты одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал командалас достары Алексей Кулешов пен Дмитрий Яковлев дәрежелік 1-раундта Норвегия волейболшыларын (2:1) ұтқанымен, 2-раундта дәл осындай есеппен украиналықтарға есе жіберді.
Әйелдер арасында бақ сынаған Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова да норвегиялық құрбыларын 2:0 есебімен жеңгенімен, словакиялықтардан 0:2 болып жеңіліс тапты. Соның нәтижесінде жарысты ерте аяқтаған бұл екі жұп 33-орынды қанағат тұтып, рейтингтік ұпай қорын 40 ұпайға ғана ұлғайта алды.