Онда ел намысын ерлер арасында - 2, әйелдер арасында - 2 жұп қорғаған болатын. Әйелдер арасындағы сайыста қазақстандықтар ақтық сында жарыс қожайындарынае 3:1 есебімен басым түсті. Онда Қазақстанның 1-інші командасы (Татьяна Машкова / Ирина Цимбалова) Шри-Ланканың 2-нші командасынан (С. Гуангсингх / Нироша Лакмини) 21:9, 21:14 есебімен жеңіліс тапқан еді. Алайда, Қазақстанның 2-нші командасы (Любовь Богату / Бақтыгүл Самалықова) Шри-Ланканың 1-інші командасынан (Цейлон Т. Гуангсингх / Нироша Лакмини) 22:20, 21:19 есебімен басым түсіп, есепті теңестіре алды. Одан кейінгі жарыс қожайындарының 1-інші командасын Татьяна мен Ирина жұбы 10:21, 21:16, 19:17, ал 2-інші командасын Бақтыгүл мен Любовь жұбы 21:11, 21:23, 15:12 етіп жеңіп, қорытынды есепті 3:1 есебімен өз пайдаларына шешті.
Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандықтар жартылай финалда жарыс қожайындарын 4:0 есебімен ұтқан болатын. Финалда ирандықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Қазақстанның 1-інші командасы (Александр Дьяченко / Алексей Сидоренко) Ираның 2-інші командасынан (Сабир Хошманд / Рухоллах Салехи) басым түсті (21:17, 21:15). Ал 2-нші командамыз (Алексей Кулешов / Дмитрий Яковлев) Иранның 1-інші командасына (Парвиз Фарух/ Аг Мохаммад Салах) есе жіберді ( 18:21, 16:21). Одан кейін, екі елдің үздік жұптары арасындағы кездесуде қазақстандықтардың ( 25:23, 21:23, 18:16) мерейі үстем болған еді. 2-нші командалар арасындағы сайыста ирандықтар (21:14, 21:14) есепті теңестіріп кетті. Қосымша 5-інші кездесу өткізіліп, онда Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Парвиз Фаруху мен Аг Мохаммаду Салахудан 10:15 есебімен жеңіліп қалды. Осыған қарамастан олар Олимпиада жолдамасынан әлі үміт үзген жоқ. Енді дәрежелік турнирдің аймақтық келесі жарысында өз бағын тағы бір сынап көруге мүмкіндігі бар.