Жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының Мәскеу кезеңінде қазақстандықтар алғашқы жеңілістің дәмін татты

АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жағажай волейболынан "Үлкен дулыға" әлемдік турының Мәскеуде өтіп жатқан кезеңінде бүгін қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте 1-ші орындағы американдық қарсыластарына есе жіберді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

"Мамырдың 31-і күні жарияланған әлемдік рейтингте Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы 83-ші сатыда болған еді. Олар алғашқы кездесуде 16-шы орында тұрған норвегиялық Скарлунд пен Спиннагрдің жұбын 2:1 (14:21, 21:19, 15:11) есебімен ұтқан болатын. Бүгін олар әлемдік рейтингтің көшбасшысы саналатын американдық Рогерс пен Далхауссерге 1:2 (10:21, 21:15, 13:15) есе жіберді. Олар бүгін кешке енді американдықтардың тағы бір жұбымен сынға түспек. Бұл жолғы қарсыластары (Женнингс-Кеенан) әлемдік рейтингте 17-ші сатыда тұр. Жүлде қоры 300 мың долларды құрайтын бұл дүбірлі додаға әлемнің үздік 64 жұп ойыншысы қатысуда. Жеңімпаздардың есімі дүйсенбі күні ақтық сында белгілі болады.