Жағажай волейболынан XV Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

None
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер командалары арасында XV Қазақстан чемпионатының ақтық ойындары өтті.

Жарыс қорытындысында әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбаловадан құралған алматылық «СШВСМ-1» командасы ел чемпионы атанды. Үздік үштіктің қатарынан Ақтау қаласының «Каспий» (Бақтыгүл Самаликова, Марина Пилипенко), «Каспий-1» (Александра Варасова, Оксана Пилипенко) командалары көрінді. Ерлер арасында 1-2-ші орынды «Ұшқын-Атырау-1» (Алексей Сидоренко, Дмитрий Яковлев) мен «Ұшқын-Атырау-2» (Денис Ровкин, Сергей Шиндов) командалары бөлісті. Ал Алматы қаласының «ҚазНУ СШВСМ-1» (Сергей Богату, Влад Пустынников) командасы қола жүлдегер атанды.