ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушінің әрекеті видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде тез тарады.
Көп ұзамай тәртіп бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды.
– Полиция қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзбауға, әсіресе, халық демалатын орындарда, қауіпсіздікке қатер төндіріп, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге шақырады. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін қазақстандықтар халықаралық жүргізуші куәлігін қайдан және қалай ала алатынын жазған болатынбыз.