Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Таиланд командасымен шеберлік байқасты. Төрт кезеңнің нәтижесі бойынша Қазақстан командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, жарыстар Санья қаласында айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылған. Ерлер арасында жалпы 6 команда қатысып жатыр.
Қазақстан құрамасы келесі матчын 26 сәуірде Гонконг командасына қарсы өткізеді. Ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жағажайдағы Азия ойындарында Қазақстан акватлоннан аралас эстафетада 4-орын алды.