24 сәуір күні қазақстандық жұп Макао өкілдері Никола Лам мен Ин У Ианға қарсы ойнап, 2:0 есебімен басым түсті (21:14, 21:10).
Айта кетейік, Рюхова мен Каримова жарыстың алғашқы матчында Моңғолия құрамасын да жеңген болатын. Ал Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко бұл жолы жеңіліс тапты.
ҚР ҰОК мәліметінше, олар Макаоның Иенг О Леонг / Вэн Сам Лоу жұбына 0:2 есебімен есе жіберді (9:21, 14:21).
Айта кетейік, жағажайдағы Азия ойындарының кезекті матчтарында Қазақстанның ерлер құрамасы сәтті өнер көрсетті.
Джитсер Нұржан Батырбеков жағажай Азиадасының алтын жүлдесі үшін күреседі.