Бүгін Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс жолына шықты. Алғашқы кездесуде отандастарымыз Таиланд құрамасымен өзара мықтыны анықтады.
Негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында Қазақстан спортшыларының мерейі үстем болды.
Айта кетейік, бүгін жағажайдағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Спорттық іс-шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жағажайдағы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болғанын жазған едік.