Бұл жолы Қазақстан құрамасы Гонконг командасына қарсы кездесу өткізді.
Бірінші кезеңде қазақстандық спортшылар 2:0 есебімен алға шықты. Екінші таймда да басымдық сақталып, есеп 3:1 болды.
Үшінші кезеңде Гонконг командасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ал, шешуші таймда Қазақстан құрамасы қайтадан басымдық танытып, 3:1 есебімен жеңді.
Матч қортыныдысы бойынша ойынды 3:1 есебімен түйіндеген Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші жеңісін тіркеді. Бұған дейін олар Таиланд құрамасын жеңген болатын.
24 сәуірде Қазақстан құрамасы турнирдің шешуші матчында Қытай командасымен шеберлік байқасады.
Айта кету керек, 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында әйелдер арасындағы су добы жарысына төрт команда қатысып жатыр. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді, яғни әр команда бір-бірімен кездеседі. Жүлдегерлер барлық матчтың қорытындысы бойынша анықталады.