«Жағдайы ауыр». Ақтөбеде 3 жасар қызды көлік басып кетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде аулаға жүгіріп шығып, ойын алаңына қарай беттеген 3 жасар қыз көлік астына түсіп қалды. Рөлде болған адам ішімдік ішпеген.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Оқиға Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында болды.

Еске салсақ, Алматы қаласының кіреберісінде орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында оқушыны автобус басып кетті.