Жағдайы күрт нашарлаған павлодарлық сәби ТЖМ тікұшағымен Астанаға шұғыл жеткізілді
АСТАНА. KAZINFORM – Шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған нәресте ТЖМ тікұшағымен елорда ауруханаларының біріне жеткізілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, «Қазавиақұтқару» тікұшағы Астана - Павлодар - Астана бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған.
«Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бала аман-есен жеткізілді», делінген ТЖМ-нің ресми ақпаратында.
Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.
Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда анасы мен баласы үйінде өлі табылғанын жазғанбыз.