деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Компьютерлік сыныпты Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің және Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімшілігінің қолдауымен еріктілердің «SOS тобы» бағыт - бағдар беру орталығы ашып отыр. Бұл орталық «Seimar Social Fund" қайырымдылық қоры мен БҰҰ еріктілер бағдарламасының бастамасымен құрылған.
"Компьютерлік сыныпты ашудағы негізгі мақсат - әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына компьютерді еркін меңгеруге, интернетті тағы да басқа бағдарламаларды білулеріне мүмкіндік жасау, сонымен қатар компьютер маманы деген кәсіп иесінің жұмыстарымен таныстыру болып табылады",- дейді «SOS тобы» бағдар беру орталығының өкілдері.
Орталықта жағдайы төмен отбасылардың балалары компьютер сабақтарын 3 ай бойы тегін оқи алады. Сабақтарды орталықтың ерікті IT - кәсіби мамандары үйретеді. Балалар үшін арнайы бағдарламалар әзірленген.