Былтырғы жылмен салыстырғанда Қазақстан 5 орынға алға жылжыған. Ал аймақтарға сұрыптағанда Орта Азия және Оңтүстік Азия бойынша Қазақстан Индиядан кейінгі 2-орында тұр. Биыл зерттеуге 143 ел қатысты. Ең инновациялы ел - Швейцария, Швеция, сосын, Ұлыбритания. Еске сала кетейік, жаһандық инновация индексі (ЖИИ) 2007 жылдан басталған. Ол - қазіргі таңда әлем елдерінің инновациялық даму көрсеткішінің бірден бір өлшемі. ЖИИ әлем елдерінің инновациялық сипаттарын анықтайтын 81 көрсеткіштен тұрады.
03:06, 20 Шілде 2014
Жаһандық инновациялық индекс рейтінгісінде Қазақстан алға ілгеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жаһандық инновациялық индекс рейтінгісінде 79-орында, деп хабарлады 24.kz.