Жоба жетекшісі Шерин Юннің хабарлауынша, бұл жұмыс өткен жылы қолға алынып, негізгі екі мәселе - су ресурстары және энергетикаға арналды. «Жоба аясында біз Қазақстанда энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша еркін келісімдерді енгізу тетіктерін әзірлеп, өндірістік салаларда энергетикалық аудитті өткізу жолдарын ұсындық. Сондай-ақ оған қандай компанияларды ашу қажеттігін көрсеттік. Осының бәрі маңызды мәселелер болып саналады», - дейді Ш.Юн. Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы әлеуетін де бағалап, оған қажетті ресурстарды да есептеп шыққан көрінеді.
14:02, 30 Қараша 2012
Жаһандық жасыл даму институты Қазақстанның баламалы энергетика саласындағы әлеуетін зерттеп шықты
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның жасыл экономикаға көшу стратегиясы аясында Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) еліміздің осы саладағы мүмкіндіктерін саралап, тиісті ұсыныс-кеңестерін даярлап шықты.