деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық олимпиада комитетінің президенттігіне сайлау таңертең қазанның 9-ында өтті және 67 жасар Рогге осы лауазымға жалғыз ғана үміткер болды. Бельгиялық Роггені жақтап 88 адам дауыс берді, тек бір ғана адам қарсылығын білдірді.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін Рогге Халықаралық олимпиада комитетінің мүшелеріне өзіне көрсетілген сенімдері үшін алғысын айтты және олар барлығы бірлесіп көп нәрселерге қол жеткізгенін атап өтті.