Жакартада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы таныстырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы (АҚИҰ) Бас директорының міндетін атқарушы Ерлан Байдәулеттің Индонезияға сапары өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сапар барысында Қазақстан Елшілігініңқолдауымен Индонезия Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік қауіпсіздігіжөніндегі агенттігінің Бас директоры Агунг Хендриади, Индонезия ПрезидентініңТаяу Шығыс және ИЫҰ елдерімен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Альви Шихаб,Индонезияның Халал кепілдігі жөніндегі агенттігінің (BPJPH) басшысы, профессорСукосо, Индонезияның Пальма майы өндірушілері қауымдастығының (GAPKI) атқарушыдиректоры Мукти Сарджоно және Индонезия логистикалық бюросымен (BULOG)келіссөздер ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында Е.Байдәулет индонезиялықтарапты Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыңбастамасымен құрылған АҚИҰ мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, Индонезиятарапын Ұйымға қосылуға және 27-29 тамызда Жидда қаласында өтетін АҚИҰ БасАссамблеясының 2-сессиясына қатысуға шақырды.

Е.БайдәулетҰйымның қызметі мүше мемлекеттерге тұрақты ауыл шаруашылығы, ауылдарды дамыту,азық-түлік қауіпсіздігі мен биотехнология мәселелері бойынша сарапшылық біліммен техникалық ноу-хау беруге, АҚИҰ-ға мүше мемлекеттердегі азық-түлікқауіпсіздігін бағалау және мониторингке, сондай-ақ бірлескен ауылшаруашылықсаясатын әзірлеу және іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Ұйымислам елдерінің халқын табиғи-климаттық жағдайлары мен географиялық орналасуынаорай экономикалық қол жетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету, ИЫҰ-ға мүше елдергеазық-түлік жеткізілімінің құнын төмендету үшін тиімді көлік және логистикалықмаршруттар құру, бірлескен азық-түлік қорларын қалыптастыру мен басқаруарқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелерін шешеді. Сонымен қатар, АҚИҰИЫҰ Бас хатшылығының тиісті сұраныстары негізінде гуманитарлық бағдарламалардыжүзеге асырады.

Өзкезегінде, Индонезия Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің Басдиректоры А.Хендриади Индонезия халқы саны жөнінен әлемде 4-орында тұрғанмемлекет үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өте өзектіекендігін атап өтті және Индонезияның осы саладағы тәжірибесі туралы хабарлады.А.Хендриади Қазақстанның АҚИҰ ілгерілету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағаладыжәне индонезиялық тарап Ұйымға қосылу, сондай-ақ АҚИҰ Бас ассамблеясының 2-шісессиясына байқаушы ретінде қатысу мәселелерін қарастырады деп айтты.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында АҚИҰқұру туралы бастаманы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2011жылы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында ұсынды.

АҚИҰ 2016 жылғы 28 сәуірде ИЫҰ Азық-түлікқауіпсіздігі және ауылшаруашылық дамуы жөніндегі министрлер конференциясының7-ші сессиясында және АҚИҰ Бас ассамблеясының құрылтай сессиясындақұрылды. Ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Қазіргіуақытта оның құрамына ислам әлемінің 33 мемлекеті кіреді. Ұйымның ресми тілдері- араб, ағылшын және француз.

Соңғы жаңалықтар